Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Г.Головкиннің Д.Лемьемен жекпе-жегі үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды

Г.Головкиннің Д.Лемьемен жекпе-жегі үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды

WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинның канадалық Давид Лемьемен IBF белбеуі үшін жекпе -жегінің гонорары белгілі болды. Қазақстандық екі миллион доллар, ал қарсыласы  500 мың доллар алады деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, осыған дейін Геннадий Головкин мен Давид Лемье бокс алдында салмақ өлшеді. Қазақстандық боксер  72,3 келі(159,4 фунта), ал Лемье - 72,48 келі (159,8) болды. Осы арқылы екеуі де осы бокс үшін қажет деген 72,6 келі (160) салмаққа дәл келді. Бірақ салмағы асып түспе үшін Лемьеге толығымен шешінуге тура келді. Головкин мен Лемье боксы 17 қазанда Madison Square Garden-де өтеді. Қазақстандық көрермендер тікелей эфирде Астана уақыты бойынша 18 қазанда таңертең "Қазақстан" арнасынан көре алады.

Похожие материалы