Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Г.Греф: "100 нақты қадамды"оқып қатты таңғалдым

Г.Греф: "100 нақты қадамды"оқып қатты таңғалдым

Ресейдегі Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Греф ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес институтционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" атты ұлт жоспарын оқи отырып, оң баға берді. Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігі хабарлайды.

 "Жақында ғана "100 нақты қадам" атты жоспар жарияланды. Сіздердің Қазақстан президенті айтқан бұл құжатты қаншалықты оқып үлгергендеріңізді білмейін.  Бірақ мен оқыған кезде өте қатты таңғалдым. Оң мағынасында", - деді Г.Греф Астана экономикалық форумы кезінде. Ол "бұл мемлекет экономикасын тиімді басқару жолындағы тамаша бағдарлама" деп атап өтті.
 "Қазақстанда әлемдегі ең қарқынды бағдарламалардың бірі басталды. Құжатты оқығанда Сингапур үкіметінің бағдарламасын оқығандай әсерде болдым. Менің ойымша, бұл бағдарламаға көптеген еуропалық үкімет қызғанышпен қарай алады", - деп қорытындылады Греф.
Еске салайық, Астанада VIII  Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Мамандар әлемдік экономиканың 2050 жылға дейінгі дамуын, Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырылуы және қалалардың дамуы талқылайды.
 

Похожие материалы