Экономика
G20 қатысушылары ХВҚ-ын реформалауды қарастырады
G20 қатысушылары ХВҚ-ын реформалау мәселелерін талқыға салады. Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров мәлімдеді.
"АҚШ тарапынан ратификацияның болмағанына қарамастан осы күзде Анталия қаласында өтетін "үлкен жиырмалық" саммитінде осыдан бес жыл бұрын мақұлданған ХВҚ-ын реформалаудың жолдарын қарастыру – саммиттің күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі болмақ" – деді С.Лавров бейсенбі күні Мәскеуде болған БРИКС Жастар саммитінің қатысушыларымен кездесуінде.
Сонымен қатар ол осы саммитте БРИКС және оның серіктестері маңызды роль атқаратынын және “Үлкен жиырмалық” елдері арасында Ресейдің позициясын қолдайтындардың көп екенін атап өтті.