Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

G20 саммиті: қалай болды, не айтылды?

G20 саммиті: қалай болды, не айтылды?

Бүгін 5 қыркүйекте Қытайдың Ханьчжоу қаласында G20 саммиті аяқталды. Экономикалық форматта құрылғанымен қазір "жиырмалық" кездесуі саяси тақырыптарға көбірек мән беретіндігі жасырын емес. 7kun.kz саммиттің осыған дейінгі өмірі мен Қытайда қандай мәселелер талқыландығы туралы анықтап көруге тырысты. 

"Үлкен жиырмалық" азиялық елдер қаржылай дағдарыстың құрсауында қалып, батыстың дамыған елдері қандай шара қолданарын білмей жатқан 1990 жылдардың соңында пайда болды. Сол кезде "Үлкен сегіздіктің" қаржы министрлері әлемдік экономикаға жауапты дейтін елдердің қатарын кеңейту туралы идея ұсынған еді. Өзге мемлекеттерді қосу деген идеяның себебі өте қарапайым болды: Үндістан мен Қытайсыз әлемдік экономика проблемалары шешілмейді. Дегенмен де 1999 жылдың желтоқсанындағы Берлин конференциясынан кейін G20 туралы ұмытылып кетті. 10 жылдан кейінгі 2008 жылғы дағдарысқа дейін саммит өткізілген жоқ. Тек жыл сайын қаржы министрлері мен орталық банктердің басшылары деңгейінде кездесулер болатын. [caption id="attachment_50663" align="aligncenter" width="620"]Фото:Jockel Finck / AP G20 қаржы министрлерінің Берлиндегі кездесуі, 1999 жыл Фото:Jockel Finck / AP[/caption] 2008 жылғы Lehman Brothers инвестициялық банкінің, Fannie Mae және Freddie Mac ипотекалық компанияларының банкротқа ұшырауын нарықтың барлық ойыншылары сезді.
Барлығы да халықаралық банк нарығындағы дағдарыс туралы да айта бастады. Және ол дағдарысқа ешкімнің жалғыз қарсы тұра алмайтындығы, бірігу қажеттігі белгілі болды.
Ұмытылған "жиырмалық" форматы осы кезде еске түсті. Әлемдік экономикадағы жағдай өте шиеленісті болғандықтан, G20 саммиттері жыл сайын жоспар бойынша емес, шұғыл жиналыстар форматында өткізілді. Алғашқысы "антидағдарыстық" деген атаумен 2008 жылдың қарашасында Вашингтонда, ал келесі бар болғаны 6 айдан кейін 2009 жылдың сәуірінде Лондонда болды. Сол жылдың қыркүйегінде "жиырмалық" АҚШ-та жиналды. 2008 жылғы саммиттен кейін сол кездегі Франция президенті Николя Саркози "Біз жаңа әлемге енеміз" деген мәлімдеме жасаған еді. Оның сөзінше, "қаржы нарығындағы негізгі принцип бойынша және нарықтағы әрекетті бақылау бойынша тарихи келісімдерге" қол жеткізілген. Сарапшылардың баға беруінше, ол "тарихи келісімдер" тәжірибеде жетістікке жеткен жоқ. Мысалы, халықаралық валюталық қорды (ХВҚ) реформалау идеясы әліге дейін күн тәртібінен түспей келеді. "Үлкен жиырмалық" ресми емес клуб тәрізді болғандықтан, ондағы қабылданған шешімдердің заңдылығына да күмән туғызушылар бар. Экономикалық дағдарыс кезеңі аяқталды, ал "жиырмалық" форматы қалды. Енді ол саяси деген жаңа форматқа шықты. Бұған "Үлкен сегіздікке" қарағанда "Үлкен жиырмалық" мүшелері көптігі, әлемнің төрт бұрышынан жиналуы яғни арендағы баланстың сақталуы себеп болды. Әрі дәл осы жерде көшбасшылар бетпе-бет кездесе алатын еді. Ресми іс-сапарсыз-ақ  келіссөздер жүргізіп, көңілдегі барлық мәселелерді талқылауға болады. Күрделі қарым-қатынаста жүрген мемлекеттерді жақындастыруда бұл формат тіпті қажет болды. Бір-біріңе қонаққа бару саяси жағдайларға байланысты мүмкін емес, бірақ кездесу керек. Бұған G20 форумы барлық мүмкіндікті ұсынды.

Қытайда не талқыланды?

Ірі 20 экономикалық держава басшыларын қабылдаған ҚХР лидері Си Цзиньпин әлемдік экономика тарихтағы бетбұрысты кезең алдында тұр деп мәлімеді. Қытай көшбасшысы сұраныс азайып, сауда және инвестиция нарығы баяулап жатқанда "бос әңгімелердің" қажет жоқ екендігін де еске салып өтті.

Әлемдік экономика жағдайының мәз емес екендігі туралы саммитке дейін ХВҚ ескерту жасаған еді. Халықаралық валюта қорының мәлімдеуінше, осы жылы да әлемдік экономиканың өсуі туралы да болжам төмен болады. 2016 жылы әлемдік ЖІӨ өсімі 3,1%-ды, 2017 жылы 3,4%-ды құрауы мүмкін.

ХВҚ-ның атап өтуінше, әлемдік экономика өсімін жылдамдату үшін әр мемлекет нақты реформалар енгізуі қажет. Ол реформалар сауда айналымын нығайтып, жаңа кәсіпорындардың нарыққа шығуына кедергі болатын барьерлерді алып тастауға бағыттаулы тиіс.

Ал экономикаға ықпал етуі мүмкін қауіптердің бірі ретінде Қытай жағдайы да аталды. ҚХР экономикасының баялауы нарықтағы өзге ойыншыларға әсер ететіндігі сөзсіз.

Сондай-ақ Қытайдың ұсынысы бойынша саммитке "жасыл қаржы" мәселесі де енгізілді. Бұл - мемлекет және инвесторлардың көмегі арқылы энергоүнемдейтін және экологиялық таза технологияларды қаржыландыру. Бұл бағыт соңғы 3 жылда дамып келеді, әсіресе, Қытай мен Үндістанда. Еуропалық қайта құру және даму банкінің мәліметінше, 2013 жылы "жасыл облигацияларға" 10 млрд доллар, 2015 жылы 40 млрд доллар қаржы жұмсалған.

Жалпы экономикалық проблемалардан бөлек саммитте құрыш қою өндірісіндегі дағдарыс, ЕО-пен Британия арасындағы "брексит" бойынша келіссөздер және Apple тәрізді трансұлттық корпорациялардың салық салу жүйесі талқыланды. Айта кету керек, бұл саммит Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй үшін алғашқы халықаралық шара болды. Ал 2016 жылдың қарашасында президенттігін аяқтайтын Барак Обама "жиырмалықпен" соңғы кездесуін өткізді.

Ақсәуле Әбітай "7"

Похожие материалы