Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Гарвард экономистері биткоинның құлдырауы жөнінде болжамдарымен бөлісті. Олардың пікірінше, криптовалюта мемлекет тарапынан реттеу салдарынан құлдырайды.
"Ғалымдар мемлекеттер бір күні анонимді төлемге қарсы шығатынына сенімді", дейді Cointelegraph. Криптовалюта салық жинауға және қылмысқа қарсы тұруға кедергі келтіреді. Нәтижесінде, бұл бюджеттің саңылауларына және азаматтардың қауіпсіздігіне әсер етеді.
«Криптовалютамен шағын анонимді операцияларға рұқсат етіледі. Алайда, ірі көлемдегі төлемдер салық салуды қиындатып, қылмыстық әрекеттерге қарсы тұруды қиындатады», - дейді профессор Кеннет Рогов.
Белгілі экономист Джеффри Мирон да әріптесімен келіседі.
"Үкімет бірден криптовалютаны жайына қалдырып, төлем құралы ретінде қабылдамай қоя салады. Бұл дәл осылай болу керек. Дегенмен, менің ойымша, ерте ме, кеш пе, мемлекет ақыл-ойларын өзгертіп, монеталарға шек кояды деп ойлаймын", - дейді ол.
Билік осындай мақсаттарға қол жеткізе алады. Мұны өз кезегінде, Қытай дәлелдеп берді. Елде белгілерді орналастыруға тыйым салынған және биржаларға кіруге шектеу қойылған.