Экономика
Выбор редактора
Регионы
Газ құбырындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысындағы Оренбург-Новопсков магистралының газ құбырында өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі 354-баптың (магистральды құбыр желілерін салу, жөндеу, пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзып, ірі көлемде зиян келтіру) 2-бөлімі бойынша қозғады. Тергеуді Орал станциясындағы Ішкі істер бөлімі жүргізуде.
Прокуратураның хабарлауынша, алдын-ала болжам бойынша газ құбырындағы апат құбырлардың ескіруінен болған.
Өрт 2 ақпанға қараған түні шыққан. Аймақтағы бірнеше елдімекендер көгілдір отынсыз қалған еді.