Экономика
Германия инвесторы СҚО-да ауылшаруашылық техникаларын шығаруға 9 млн доллар береді
Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Германиялық инвестор Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық техникасын өндірісіне 9 миллион доллар қаржы бөледі. Бұл туралы облыстық әкімдікте хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, бұл CLAAS компаниясының комбайндары мен тракторларын құрастыратын кәсіпорын болады. Мемлекеттік құрылымда қазіргі уақытта өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім-шарт жобасына талдау жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Сәтті іске асқан жағдайда, инвестор тарапынан жоспарланған инвестиция көлемі 9 миллион долларды немесе 3,4 миллиард теңгені құрайды», - деп толықтырды әкімдікте.
Сонымен қатар, жобалық қуатқа шыққан кезде жылына 300 бірлік техника шығарылады. Кәсіпорында 80 жұмыс орны ашылады.