Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов пен Кельндегі Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті В.Герег кездесіп, осы жылдың маусымында Кельнде Қазақстан экономикасының күнін өткізу туралы келісті. Бұл турады ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу кезінде германиялық серіктестерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және «EXPO-2017» халықаралық көрме аясындағы ынтымақтастық туралы мәлімет таныстырылды. Сауда-өнеркәсіптік палата басқармасы Қазақстанның индустрияландыру процесіне жергілікті компанияларды қатыстыру және алдыңғы қатардағы неміс технологияларын Қазақстанға енгізу туралы жоспарлары жайында хабарлады.
Солтүстік Рейн-Вестфалия өңірі - Германияның өндірістік және жаңа заман технологиялар орталығы. 100 ірі үлкен неміс компаниясының 44-і осы аймақта орналасқан. Машинажасау, химия өнеркәсібі, металл өндеу, көмір өндіру, энергетика және де басқа салалар дамыған. Өңір Германияның жалпы ЖІӨ-нің 24%-ын қамтамасыз етеді.