Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Германияның Грецияға көмек беруі нәтижесінде 360 млн еуро алды

Германияның Грецияға көмек беруі нәтижесінде 360 млн еуро алды

Германия 2010-2014 жылдар аралығында несие бойынша пайыздар арқылы Афиныдан 360 млн еуро алған деп хабарлайды Германияның қаржы министрлігі. Алдағы уақытта неміс үкіметі Афиныдан федералды бюджетке жыл сайын тек 20 млн еуро түседі деп жоспарлап отыр.

Апта ортасында неміс парламенті Грециядағы жағдайды талқылап, сыртқы қаржылық көмек пен қатаң экономика саясаты ғана елді дағдарыстан алып шыға алады деген шешімге келген-ді. 2009 жылдан бері Греция экономикасы 22 пайызға қысқартылып, мемлекеттік қарыз көлемі 301 млрд-тан 318 млрд еуроға дейін өскен. 2014 жылдың соңында жұмыссыздық көлемі 25,8 пайызды құрады.

Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмер Handelsblatt басылымына берген сұхбатында Грецияны Еуроодақтың құрамында тек экономикалық себептермен ғана көргісі келмейтіндігін мәлімдеді. Оның сөзінше, "егер ЕуроОдақ өзінің құрамындағы елдердің бірін қаржылай сауықтандыру жолында жетістікке жеткізе алмаса, оның экономикалық қуаты мен саяси абыройына үлкен соққы болмақ".

Германия сыртқы істер ведомствасы басшысының айтуынша, Грецияның халықаралық әріптестері жаңа идеяларға құлақ асуға дайын, ал Афина үкіметі өз ұсыныстарын айтуы қажет.

Ал әлемдік нарықта маусымның соңында Грецияға үшінші қаржылай көмек керек болуы мүмкін деген қауіп бар. Апта басында Испанияның экономика министрі Луис де Гиндос ЕуроОдақта элладалықтар үшін берілетін, 30 млрд-тан 50 млрд еуро аралығындағы үшінші көмек пакеті талқыланғандығын мәлімдеді.

 

Похожие материалы