Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Gmail поштаға вирусты хаттар тарап жатыр

Gmail поштаға вирусты хаттар тарап жатыр

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - Google компаниясы барлық қолданушыларына Gmail сервисі арқылы фишингті хабарламалар тарап жатқанын ескертті. Хаттар Google Docs түрінде келеді. Бұл туралы компания өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

 «Біз фишигті хабарламаларды зерттеп жатырмыз. Олар Google Docs түрінде тарап жатыр. Біз сіздерге ондай хат келген жағдайда оны фишинг деп хабарлап, хатты ашпауды ескертеміз», - деп жазылған хабарламада.

The Verge-нің айтуынша, алаяқтар қолданушыларға олар тануы мүмкін адамдардан вирусты хаттар жібереді. Егер келген сілтемеге өтсеңіз, хакерлер басқа қосымшалар арқылы қолданушылар аккаунттарын бұзып кіреді.

Зиянды хабарламалардың ерекшелігі олар Gmail поштаның өзінде жұмыс істейді. Яғни, қолдануышылар басқа ұқсас парақшаға өтіп кетпейді.

Google компаниясы The Verge фишингті хаттардан қорғану амалдарын жасап жатқанын хабарлады. Алаяқтардың аккаунттары өшіріліп жатыр. Басылымның хабарлауынша, кейінірек проблема шешілді.

Похожие материалы