Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Goldman Sachs сарапшылары мұнай бағасын қайта қарады

Goldman Sachs сарапшылары мұнай бағасын қайта қарады

Goldman Sachs сарапшылары WTI мұнай сортына арнаған болжамдарын тым төмендетіп жібергендерін мәлімдеді. 2015 жылдың қаңтарында олар WTI сорты барреліне 40 доллар болады деп бағалаған еді деп хабарлайды MarketWatch.

Сарапшылардың атап өтуінше, әлемдік нарықтағы мұнай қоры өсуінің тоқтатылуы, Ливиядағы шиеленіске байланысты қара алтынның жеткізілуіне кедергі келуі мұнай бағасын тұрақты ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Goldman Sachs мамандары қаңтар айында WTI сортының бағасы  осы жылдың екінші тоқсанында барреліне 40,5  доллар, үшінші тоқсанда барреліне 44  доллар, төртінші тоқсанда 58 доллар, ал 2016 жылы барреліне 65 доллар болады деп болжам жасаған еді. Ал 9 наурыз күні жариялаған мәлімдемелерінде барреліне 40 доллар деген бағаның тым төмен, ал 2016 жылы барреліне 65 доллар деген көрсеткіш тым жоғары деп хабарлады.

"Әлемдік нарықтарғы мұнай қорының көлемі жоғарылай бермек, осыған байланысты қаңтар айындағы бағаны тым жоғары деп есептеп отырмыз",- дейді сарапшылар.

Нью-Йорк сауда биржасындағы (NYMEX) электронды саудада WTI мұнайының сәуір айына бағасы барреліне 49,35 доллар болып белгіленді.

Ал Лондон биржасында (ICE Futures) Brent мұнайының сәуір айына бағасы 1,37 долларға төмендеп, барреліне 57,16 доллар деп тұрақталды.

 

Похожие материалы