Алматы. 30 тамыз. 7un.kz - Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) алда болатын жекпе-жегін ұйымдастырушылар билеттер сатылымынан 30 миллион доллар табыс тапты. Бұл туралы Sports.kz Los Angeles Times хабарлады.
Айта кетейік, бағасы 300-ден 5 000 долларға дейін болған бұл айқастың билеттері шілде айының басында сатылып кеткен.
Осылайша, билет сатылымы бойынша Лас-Вегаста өтетін Головкин - Альварес жекпе-жегі 72,2 млн доллар жинаған кіші Флойд Мэйвезер (50-0, 27 КО) мен Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) айқасынан ғана кем түсіп тұр.