Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google "ақылды қалаларға" арналған технологиялар әзірлеуде

Google  "ақылды қалаларға" арналған технологиялар әзірлеуде

Америкалық Google  интернет-корпорациясы Sidewalk Labs деп аталатын жаңа бөлімше ашты. Оның басты мақсаты - қаладағы өмірді жақсартуға арналған технологиялар жасау. Бұл туралы корпорация басшысы Ларри Пейдждің Google+ желісіндегі мәлімдемесіне сілтеме бере отырып Financial Times  хабарлайды.

Бөлімше қалалық өмірді жақсартуға бағытталған жұмыстар жасайды. Яғни, энергияны тиімді пайдалану, қалада тұру бағасын қалыпқа келтіру сияқты мәселелерді шешу үшін технологиялар даярлайтын болады. Қалаға арналған технологиялардың дамуы әлемдегі миллиардтаған адамдардың өмірін жақсартуға көмектеседі», дейді Пейдж. Sidewalk Labs-тың басшысы - Bloomberg LP-дің бұрынғы атқарушы директоры Дэн Докторофф. Ол компанияның жоғары технологиялық өнімдер жасап, оның әлемнің барлық қалаларды қолданылуын басты назарды ұстайтындығын айтты.

Похожие материалы