Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google барлық жаңалықтардың дұрыстығын тексере бастады

Google барлық жаңалықтардың дұрыстығын тексере бастады

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Google әлемдегі барлық жаңалықтардың дұрыстығын тексере бастады. Қызмет Google News жаңалық сервисі арқылы қолжетімді. Бұл  туралы компанияның блогында жазды.

Әкімшіліктің тексеруінен өткен материалдарда «fact check» деген белгі пайда болады. Яғни жаңалықтар тексерістен өтті деген сөз.

Қандай да бір фактіні іздеу кезінде сілтеменің жанында PolitiFact немесе Snopes сайттарының аннотоциясы шығады. Ол нақты емес деректерді тексеруге арналған. Бірақ компанияның айтуынша, мұндай опция барлық сұраныстарға жауап бермейді.

Google News-те жарияланатын басылымдар тексеруден өту үшін schema.org, Duke University Reporters Lab және Jigsaw ұсынған арнайы құралдарын пайдалануы міндетті.

Сонымен қатар, басылымдарға арналған Google News Publisher ережелеріне сай болуы керек.

Похожие материалы