Мәскеу. 17 маусым. 7kun.kz – Google-дың ресейлік еншілесі ООО «Гугл» өзін банкрот деп жариялады. Бұл туралы компания кеше Мәскеудің арбитраждық сотына арыз түсірген.
ООО «Гугл» өзін банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінетіні туралы 18 мамырда хабарлаған. Бұған басты себеп - Google Россия-ның шоты бұғатталған. Салдарынан ресейлік кеңсенің жұмыс істеуіне, қызметкерлерге жалақы және сыйақы, жеткізушілер мен мердігерлерге ақы төлеуге, сондай-ақ басқа да қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік болмаған.
БАҚ мұның АҚШ-тың Ресейге санкциясына қарсы жауап екенін айтады. Алайда Google бұған қарсы жауап бермеген. Ресейлік пайдаланушылар үшін Search, YouTube, Gmail, Maps және Google Play сияқты тегін қызметтерді пайдалану мүмкіндігін беруді жалғастыратынын хабарлады.
ООО «Гугл» Ресейде 2005 жылы тіркелген. 2021 жылдың соңында компанияның кірісі 134,3 миллиард рубльді құрады, таза шығыны 26 миллиард рубль болды.