Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google компаниясы Google Glass көзілдірік жобасын қайта жасап жатыр

Google компаниясы Google Glass көзілдірік жобасын қайта жасап жатыр

Google америкалық компаниясы Google Glass көзілдірік жобасын қайта жасап шығарады деп жазады америкалық бұқаралық ақпарат құралдары.

Бұған дейін компания 19 қаңтардан бастап мөлдір дисплей және камерамен жабдықталған көзілдірікті сату тоқтатылатынын айтқан болатын. Glass Explorers бета-нұсқасы АҚШ дүкендерінде 2014 жылдың мамыр айынан бастап 1500 долларға сатыла бастады.

Енді Google көзілдіріктің жаңа нұсқасы басынан бастап қайта жасалатынын айтты. Бұл жұмысты Apple  компаниясының бұрынғы дизайнері, iPod және өзге де гаджеттерді нарыққа шығаруға ат салысқан  Тони Фаделл басқарады. Өткен жылы Тони Фаделл компания қызметкері атанды. Себебі Google Фаделдің Nest тұрмыстық электротехника өндіретін фирмасын сатып алған болатын.

Көзілдірікті жасап шығару жұмыстары жасырын түрде өтпек, тек соңғы нұсқасы ғана халыққа көрсетіледі деп атап өтті BBC. Google Glass көзілдіріктері алғаш рет 2011 жылы көрсетілді. Ресми таныстырылымы 2012 жылы Google құрастырушыларының конференциясында болды.

Электронды көзілдіріктер алдыңыздағы адам туралы ақпарат беріп және бәрін жоғары сапалы видеоға түсіруге мүмкіндік береді. Google Glass көзілдірігін сурет және видео түсіруге, сондай-ақ түсірілген материалды электронды поштаға немесе әлеуметтік желіге жіберуге қолдануға болады.Құрылғы дауыс арқылы басқарылады.

Похожие материалы