Google компаниясы сәрсенбі күні АҚШ нарығында ұялы телефондарға арналған интернетке сымсыз жалғанудың Project Fi атты жаңа сервисін таныстырды. Әзірше сервис тек Google смарфондары - Nexus 6 үшін ғана қол жетімді.
Компанияның блогындағы жазбаға сүйенсек, қызметтердің базалық пакеті (қоңыраулар және мәтін хабарламаларымен алмасу) айына 20 доллар тұрады, бұған қоса 10 доллар интернетке қол жетімділік үшін алынады, АҚШ та да, басқа елдерде бағасы осындай.
Сервис Sprint және T-Mobile америкалық ұялы байланыс операторларымен серіктестікте ұсынылып отыр.
Google жаңа технология пайдаланушылардың қол жетімді Wi-Fi желілерінің ең жылдамына немесе Sprint пен T-Mobile операторларының LTE желілеріне қосылуын қамтамасыз етеді.
Бастапқыда Project Fi тек шақырулар бойынша қол жетімді болады, оларды Google веб-сайтынан алуға болады.
Project Fi жария етілгеннен кейін сәрсенбі күнгі сауда барысында Google акциялары 1,2%-ға қымбаттаған.
Google бұл жобаны әзірлеуге екі жыл жұмсады. Мобильді телефондарға арналған интернетке өтудің дербес сервисін құру Google компаниясына Android ОЖ қолданушыларының санын арттырып, жарнаманы орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.