Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google Литвадан кеңсесін ашты

Google Литвадан кеңсесін ашты

Американдық  Google Литвадан Google Lithuania компаниясын ашты.

Литваның тіркеушліер Орталығының мәліметінше, компанияны Google-дің Еуропадағы, орталық -шығыс және африкалық аймақтардағы қаржылай директоры Грэхэм Ло басқарады, алғашқы капиталы - 100 мың еуро.

Балтық елдеріндегі Google жобаларын дамыту бойынша жауапты Витаутас Кубилюстің айтуынша, әзірге компанияның нақты жоспарлары туралы пікір білдіре алмайды. Олар туралы жұма күні Литвадағы шетелдік инвестиция мәселесімен айналысатын Investuok Lietuvoje агенттігі хабарлайды.

Қаңтар айында В.Кубилюс  Google-дің Литваға қызығып, қызметшілер тобын іздеп жатқандығын хабарлаған еді.  Сондай-ақ, Литва президенті    Даля Грибаускайте де  Google-дің Литвадан кеңсесін ашатындығы жөнінде де мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл балтық елдеріндегі американдық компанияның алғашқы бөлімшесі болмақ.

Похожие материалы