Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google Periscope-тың бәсекелесін құрастырады

Google Periscope-тың бәсекелесін құрастырады

Google компаниясы видеотрансляция жүргізуге мүмкіндік беретін қызмет іске қоспақ. Periscope пен Facebook Live-ке бәсекелес болатын сервис YouTube Connect деп аталады. Бұл туралы VentureBeat хабарлайды. 

YouTube Connect-ке  YouTube немесе Google-дегі аккаунт арқылы кіруге болады. Видеотрансляциялар қолданушының каналында сақталып қалады, кейінірек оны жазылушылар қайта көре алады. Сондай-ақ сервисте қолданушы жазылған барлық аккаунттердің соңғы видеолары жинақталған жаңалықтар лентасы да жұмыс істейді. YouTube Connect-тің жұмысын бастау уақыты әзірге белгісіз. Google оның мерзімін мамырда Сан-Францискода өтетін құрастырушылар конференциясында хабарлауы мүмкін. 2016 жылы наурыздың басында Facebook Live видеотрансляциялар қызметінің танымалдылығын арттыру үшін танымал тұлғалармен серіктестік бастайтындығы туралы жариялады. Әлеуметтік желі Live-ті тұрақты түрде пайдаланып отыратын 100 адаммен бірге жұмыс істемек.

Похожие материалы