Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google смартфон-конструкторын тесттен өткізуді 2016 жылға қалдырды

Google смартфон-конструкторын тесттен өткізуді 2016 жылға қалдырды

Әлемдегі ең ірі Google Inс. интернет- алпауыты Project Ara деп аталатын модульді смартфонын сынақтан өткізуді кейінгі қалдырды. Бұл туралы жобаның Twitter-дегі ресми аккаунтында жазылған.

Алғашында Project Ara-ны осы жылы Пуэрто-Рикода сынақтан өткізеді деп жоспарланған еді, бірақ бірінші тест 2016 жылдан бұрын өткізілмейтін болды. Ал сынақ алаңы ретінде АҚШ аумағы белгіленді. Құрастырушылар тобының түсіндіруінше, 2013 жылы көпшілікке таныстырылған жобаға көп өзгеріс енгізілген. Мамырда Google құрастырушыларының конференциясында алғаш рет модульді смартфонды құрастыру кезінде пайдаланған технологияны таныстырды. Көпшілік жобаға қызығушылық танытты деп атап өтеді ВВС. Смартфонды құрастыру кезінде арнаулы білім қажеті жоқ. Яғни гаджет иелері сынған экран немесе ескі батарея тәрізді бұзылған кез-келген детальді ауыстыра алады. Сондай-ақ, өз қалауларынша телефонның персоналдандырған үлгілерін жинай алады. Пуэрто-Рикода Google смартфон-құрастырғыштың 30 шақты үлгісін таныстыруы қажет еді.

Похожие материалы