Енді ресейлік пайдаланушылар жарнамаларды көрмейді, ал контент авторлары қаралым саны үшін ақша алмайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Google бейсенбі күні Ресейде онлайн жарнама сатуды тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл тыйым Google іздеу жүйесіне, YouTube және сыртқы жариялау серіктестеріне әсер етеді. Бұған дейін Ресейге қарсы осыған ұқсас тыйымды Twitter және Snapchat жасаған болатын.
Енді ресейлік пайдаланушылар жарнамаларды көрмейді, ал контент авторлары қаралым үшін ақша алмайды. Бірақ контент жасаушылар, соның ішінде ресейліктер де, басқа елдерден жинаған қаралымдары үшін ақша алуды жалғастырады.
Төтенше жағдайларға байланысты біз Ресейде жарнама сатуды уақытша тоқтатамыз. Жағдай тез өзгеруде. Біз пайдаланушыларымызды жүйедегі жаңартулар туралы хабарлауды жалғастырамыз, – деді Google компаниясында.
Google осыған дейін ресейлік мемлекеттік БАҚ-қа өз технологиясы арқылы жарнама сатуға немесе сатып алуға тыйым салған болатын. Ал Ресейлік байланыс реттеушісі Роскомнадзор дүйсенбіде Google-ға ресейлік әскерилер мен украиналық бейбіт тұрғындардың құрбандары туралы жалған жарнамаларды көрсетуін тоқтатуды бұйырды.
Айта кету керек, Google өткен жылы Ресейде 32 миллион рубльден астам айыппұл төлеген.