Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – Green Mart сауда желісі Facebook-тегі ресми парақшасында Астанадағы бір дүкенін жабатынын жазды.
«Құрметті сатушылар! Еске саламыз, Астанада Валиханова 20 көшесіндегі гипермаркет жабылғандықтан төмендегі тізімде көрсетілген дүкендерге бара аласыздар!», - деп жазылған хабарламада. Сонымен қатар, олар тағы бір сауда нүктесінің жабылатынын айтқан.
«Құрметті GreenMart сауда желісінің сатып алушылары! Сіздерге Алматы қаласы Сүйінбай көшесі 2 мекен-жайындағы гипермакеттің уақытша жабылатынын хабарлаймыз. Мерзімі 1 тамыздан 15 тамызға дейін», - деп жазылған Facebook-те.
Жұмыстар қайта жаңарту бағдарламасының аясында, саланың табыстылығын арттыру мақсатында жасалып жатыр. Аталған мекен-жайдағы «гипермаркеттердің» орнында Magnum Cash&Carry дүкендері орналасады.
«Green Mart сауда желісі енді супермаркет форматында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта, Астана мен алматы қалаларында 35 дүкені бар», - деп атап өтті компания.