Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – Грекия Республикасы Парламентінің бұрынғы төрағасы Вирон Полидорас сайлау учаскелерінде оптимистік көңіл күй сезілетінін айтты.
«Қазақстандағы бүгінгі сайлауды демократиялық процестің үлгісі деп айтуға болады. Барлық саяси партиялар үміткерлерін ұсынған. Сайлау, жалпы алғанда оптимистік, бейбіт жағдайда өтіп жатыр. Осының бәрін ескере келе, Қазақстанның келешегі демократиялық құндылықтармен үндес», - деді халықаралық сарапшы.
Грекия өкілінің айтуынша, бұл сайлау Қазақстан үшін тарихи сәт болмақ.
«Қазақстанның көшбасшысы болған Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында билік транзиті бейбіт түрде өтіп жатыр. Қажетті кезінде дұрыс шешім қабылдау өте маңызды. Қазақстан халқы даму даңғылына бейбіт жолмен қадам басуды таңдады. Бүгінгі сайлауды демократиялық дамуға жасалған қадам деуге болады», - деді халықаралық сарапшы.