Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас Ресейдің қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчакпен телефон арқылы сөйлесті. Министр орынбасары Грекияны БРИКС даму банкінің алтыншы мүшесі болуға шақырды. Бұл туралы "Сириза" партиясының ресми сайтында жазылған.
Осыған дейін БРИКС банкінің бірінші президенті Үндістанның өкілі, ал ICICI банкінің басқарма кеңесінің төрағасы Ресей өкілі болуы керек деп хабарланған еді. Директорлар кеңесі төрағасының қызметі Бразилияға берілді. Сергей Сторчак БРИКС даму банкінің өкілі болады.
"Премьер-министр Грекияны БРИКС даму банкінің алтыншы мүшесі болу туралы ұсыныс таңғалдырғанын айтып, Сторчакқа алғысын білдірді", - деп жазылған "Сириза" партиясының хабарламасында. Алексис Ципрас Грекияның ұсынысқа қызығушылық білдіргендігін мәлімдеп және барынша зерттеп тануға уәде берді. 18-20 маусымда Санкт-Петербургта өтетін саммит кезінде БРИКС елдерінің басшыларымен талқылап көреді.