Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грекия ХВҚ алдындағы қарызының бір бөлігін төлейді

Грекия ХВҚ алдындағы қарызының бір бөлігін төлейді

Грекия 9 сәуірде Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) алдындағы қарызының бір бөлігін төлейді. Бұл туралы грекиялық қаржы министрі Янис Варуфакиспен кездесуінде ұйымның үйлестіруші-директоры Кристин Лагард мәлімдеді.

"Варуфакис екеуміз екі жақты мүддеге байланысты серіктестікке келуіміз қажет деп есептедік. Мен Грекияның 9 сәуірге дейін қарыздарының бір бөлігін төлейтіндігін ризашылықпен қабылдадым", - деп атап өтті Лагард.

Осыған дейін Грекия Еурокомиссияға кезекті несие алуға мүмкіндік беретін жаңа реформалардың тізімін ұсынған еді. Олардың тізіміндегі ҚҚС деңгейін көтеру, салықтан жалтарумен күресу, мемлекет мүлкін жекешелендіру тәрізді шаралар ел бюджетіне 6 млрд еуро әкелуі қажет.

Грекия наурыз айында ХВҚ-ға 310 млн еуро аударған еді. Мемлекеттің қор алдындағы қарызы 1,5 млрд еуроны құрайды, енді 9 сәуірге дейін 450 млн еуро аударылуы қажет.

Сондай-ақ Грекияның қаржы министрлігі  қормен есептесу үшін елдің қаржысы жетіспейді деген 2 сәуірде БАҚ-та жарық көрген ақпаратты жоққа шығарды. Елдің жалпы несие берушілер алдындағы қарызы - 320 млрд еуро.

 

Похожие материалы