Экономика
Грекия несие берушілердің ұсыныстарынан бас тартты
Грекия қатаң экономикаға дайын емес. Референдум қорытындысы бойынша осы ел азаматтарының көбісі несие берушілердің шарттарын қабылдауға қарсы деп жазады "Ведомости".
Ірі халықаралық несие берушілер - Еурокомиссия, Халықаралық валюта қоры және Еуропаның орталық банкі ұсынған қатаң экономика бағдарламасына қарсы респонденттердің 61,31%-ы дауыс берді, бағдарламаны қолдағандардың үлесі - 38,69%. Жалпы референдумға гректердің 62,5%-ы қатысқан.
Дауыс беру қорытындысы белгілі болған соң Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас гректерге "батыл таңдаулары" үшін алғысын білдіріп, оның мандаты тиімді шешімдерді іздестіруге байланысты келіссөздерде ел позицисын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Айта кетелік, Грекия халықаралық несие берушілерге шамамен 240 млрд еуро қарыз.