Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грекияда дефляция сақталып тұр

Грекияда дефляция сақталып тұр

Сәуір айында Грекиядағы тұтыну бағалары жылдық есепте 2,1%-ға төмендеді, бұл ретте дефляцияның жылдық қарқыны алдыңғы айдағы деңгейде сақталып келеді делінген елдің статистика қызметінің мәліметтерінде.

ЕО нормаларымен үйлестірілген дефляция қарқыны баяулады, себебі сәуір айында бағалар 1,8%-ға түскен, ал наурыз айындағы түсім - 1,9%. Грекиядағы тұтыну бағалары өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 1,3%-ға төмендеген. Грекияда ұзақ уақыт инфляция болды, соңғы 26 ай бойына, себебі еңбекақы мен зейнетақының қысқартылуы және терең рецессия төмендеу жағына қысым көрсетті. Грекиядағы дефляция ең жоғарғы деңгейіне 2013 жылдың қарашасында жетті, ол кезде тұтыну бағалары жылдық есепте 2,9%-ға құлдыраған-тын. Грекияның қаржы министрі Янис Варуфакистің айтуынша Афина мен "үштік" арасындағы ұзақ келіссөздер процесіндегі әлсіз прогресс - несиегерлердің Грекия экономикасының қалпына келетініне сенім білдіруге деген қабілетсіздігінің салдары деп есептейді. Сондай-ақ сайтымыздан Грекия мен Еуроодақ арасындағы келіссөздерге қатысты АҚШ-тың келтірген ұсынысымен таныса аласыз.

Похожие материалы