Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грецияда жаңа президент сайлауы өтеді

Грецияда жаңа президент сайлауы өтеді

Бүгін кешке Грецияда президент сайлауы өтеді. Бәйгеге тек екі үміткер қатысады деп хабарлайды dixinews.kz.

Президент тағына үміткерлердің бірі-басқарушы коалициядағы саясаткер -  Прокопис Павлопулос.  Оның кандидатурасын премьер-министр Алексис Ципрас пен қорғаныс министрі Панос Камменостың келісімі арқылы "Тәуелсіз гректер" партиясы ұсынып отыр.

Ал "Өзен" партиясы Афина университетіндегі конститутциялық құқық оқытушысы Никос Аливизатосты сайлау бәйгесіне қосты.

Әзірге сарапшылар парламенттегі 300 орынның 162-не ие басқарушы коалицияның үміткері жеңіске  жетеді деп болжам жасауда. Қажетті 180 дауыс жинай алмаса, сайлаудың екінші туры жалғасады.

 

Похожие материалы