Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваға қатысты істің мән-жайы айтылды

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваға қатысты істің мән-жайы айтылды

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қыдырбек Әлқожаев қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтбаеваның Грузия азаматы Бесик Тордуаға сатылуы бойынша істің мән-жайын айтты,  деп хабарлайды 7kun.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

56 жастағы Мейірбековке зорлау және адам саудасы, Грузия азаматы Бесик Тордуаға зорлау және қол жұмсауға итермелеу бойынша айып тағылған. Сот жабық түрде өтті.

«Сот Мейірбеков жәбірленуші Әсел Айтбаеваға айына 500 доллар жалақымен Грузияда жұмыс ұсынып, оның Қазақстаннан Грузияға ұшуына ықпал еткенін анықтады. Рустави қаласында жалға алынған пәтерде Мейірбеков пен Айтбаева ішімдік ішіп, кейін Айтбаева ұйықтап қалған. Оның бұл жағдайын пайдаланып, Мейірбеков жәбірленушіні еркінен тыс зорлаған. Кейін Мейірбеков пайда табу мақсатында, оған көмектескен Грузия азаматы Бесик Тордуаға Әсел Айтбаевны «сыйлауды» шешті. Тордуа жауап ретінде Мейірбековке одан әрі толық көмек көрсетуге уәде беріп, онымен келісімге келген», – деді Әлқожаев.

Сот мәліметінше, артынша Әсел Айтбаева өзіне тағы да зорлық-зомбылық жасамас үшін 9-қабаттағы терезеден секіріп, сол жерде жан тапсырған. Айыпталушы өзіне тағылған әрекетте кінәлі екеніне күмәні жоғын айтты.

Сот кінәліге балаларының бар-жоғын ескере отырып жаза тағайындады.

Еске салайық, Айтбаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбеков Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі "Зорлау" бойынша 5 жыл 3 айға, ал 128-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Адам саудасы" бойынша 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ішінара толықтырумен Мейірбеков қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, 26 жастағы Әсел Айтбаева былтыр 5 мамырда Грузияда тұрғын үй ауласында денесі табылды. Өлім алдында ол досына аудио хабарлама жіберген, онда ер адамның оны зорлықпен қорқытып жатқанын айтқан. Бұл іс бойынша ұсталған Тордуа кейін түрме ауруханасында қайтыс болды. 

Похожие материалы