Алматы. 11 маусым. 7kun.kz - Қазақстандықтар Грузияны демалыс орны ретінде барынша жиі таңдап жатыр. Грузияның ұлттық туризм әкімшілігінің басшысы Георгий Чоговадзенің мәліметінше, жыл басынан бері елге 10 мыңнан астам қазақстандық келген.
Оның атап өтуінше, қазір қазақстандық туристерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Айта кетейік, 2015 жылы Грузияға келген қазақстандық туристер саны 37 мыңды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті. Ал 5 ай ішінде 12 мың қазақстандық турист Грузияға келді. Бұл өткен жылдағы мерзіммен салыстырғанда 25%-ға көп", -деп атап өтті Георгий Чеговадзе. Өз кезегінде елдің экономика және тұрақты даму вице-министрі Димитрий Кумсишвили Грузияның Қазақстандағы жарнамасы мен туристік потенциалын арттыру үшін жылына шамамен 1 млн доллар жұмсайтындығын атап өтті.
Өткен жылы Грузияға жалпы 6 млн адам келген.