Астана. 28 қаңтар. 7kun.kz — Бүгін уақытша тіркеуді мемлекетіміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кешкі сағат 20.00-ге дейін ресімдеуге болады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ал жексенбі күні, 29 қаңтарда, азаматтарға қолайлы болу үшін Астана мен Алматының халыққа қызмет көрсету орталықтарының есіктері сағат 10.00 мен 15.00 аралығында ашық болады", - делінген хабарламада.
Жексенбі, 29 қаңтар күні жұмыс істейтін ХҚКО-лар тізімі
Астана қ. | 1 | Есілауданының №1 бөлімі - Достықкөш., 20 |
2 | Есілауданының №2бөлімі- Сауран көш.,7 | |
3 | Алматы ауданының №3 бөлімі - Күйші Дина көш., 29/1 | |
4 | Алматы ауданының №4 бөлімі - Сәтпаевкөш., 25 | |
5 | Сарыарқаауданының № 5 бөлімі - С-409 көш., 13 | |
6 | Сарыарқаауданының № 6 бөлімі - Республика даңғ., 43 | |
Алматы қ. | 7 | Алмалы аудандық бөлімі- Бөгенбай Батыр көш., 221 |
8 | Әуезоваудандықбөлімі - Жандосовкөш., 51 | |
9 | Алатау аудандықбөлімі - Шаңырақ 2 ы/а., Жанқожа батыр көш., 24 | |
10 | Бостандықаудандықбөлімі - Алмагүл ы/а., Ходжановкөш., а 9 А | |
11 | Жетісуаудандықбөлімі - Құлагер ы/а., Серіковкөш., 6А | |
12 | Медеуаудандықбөлімі - Марков көш., 44 | |
13 | Түрксібаудандықбөлімі - Рихард Зорге көш., 9 | |
14 | Наурызбайаудандықбөлімі – Ақжар ы/а., Егінсукөш., 33 |
Сонымен қатар, онда соңғы күндері халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер санының азайғаны байқалғаны және бұл азаматтардың тіркеуі болмағаны үшін наурыз айының ортасына дейін айыппұл салынбайтындығымен байланысты екені айтылған.
Баспасөз қызметі "Қазақстандықтарға тіркелуді кейінге қалдырудың қажеті жоқ, сондықтан оны қазір, азаматтарға қолайлы уақытта, күн сайын дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін өту қажет", - деп кеңес береді.
Сондай-ақ, Астана мен Алматының ХҚКО-ларындағы кезек жайлы ақпаратты мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz сайтынан бақылауға болатынын естеріңізге саламыз. Сайттағы ақпарат сағат сайын жаңарып тұрады.