Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Хабар» телеарнасының қызметкерлері бас көтерді

«Хабар» телеарнасының  қызметкерлері бас көтерді

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz - «Хабар» қызметкерлері еңбекақыны көтеруді талап етіп наразылық білдірді. Телеарна жұмысшылары жиналып жаңа басшы Берік Уәлиге өз талаптарын айтып жатқан видеоны Серік Абас-шах өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Видео сипаттамасында жұмысшылар 22 сәуір күні жиналған. Олар егер жалақы мәселесі шешілмесе дүйсенбі күні жұмысқа шықпаймыз деген талап қоюда.

«Жиналып алып айлықты көтермейді екен деу дұрыс емес. Менің білуімше, соңғы рет жалақы 2017 жылы көтеріліпті», деп сөз алды Берік Уәли.

Видеодан скриншот

«Алты жыл бұрын 7% көтерілді. Ал енді тек келер жылы 30%-ға жалақы өседі деген жұмысшылар дүйсенбі жұмысқа шықпайды. Себебі бұл өте күлкілі. Аймақтағы қызметкерлер, тіпті, ренжулі», деп талап қойды жиналған наразы топ.

Басшыға талап қойған  «Хабар» қызметкерлері бірауыздан «талап орындалмаса, жұмысқа шықпаймыз» дегенді жеткізді. Ал 12 сәуірде «Хабар» арнасындағы жарты миллиард теңгенің қаржылық заңбұзушылық дерегі туралы ақпарат шыққан.

Похожие материалы