Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Халал" стандарттары "Адалға" өзгереді

"Халал" стандарттары "Адалға" өзгереді

Еліміздегі мұсылман дін қызметкерлері "Халал" деген үлгіден бас тартып, отандық азық-түлік өнімдері үшін жаңа стандарт дайындамақшы. Арнайы оқытылған  250 имам "Адал" деген үлгідегі сертификаттар беретін болады деп хабарлайды "КТК" арнасы.

" "Халал" жазуының пайдалануын ешкім ретке келтірмейді. Қалаған адам оны қалаған жерде қолдана алады. Қазір біз арнайы комиссия мен лаборатория құрдық. Ол тауарларды тексеріп, қажетті сертификатты беретін болады. Ал діни жазуларды пайдалануға болмайтындықтан, "халал" таңбалары өшіріледі", деп мәлімдеді Қазақстан мұсылман діни басқармасының стандарттау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев.

Жаңа "Адал" таңбасы тек азық-түлік өнімдеріне ғана қолданылады.  Өндірушілердің лицензия алу үшін арнайы тексерістерден өтуі қажет.

Ал қоғамдық белсенді Арманғазы Мұратов атауды өзгерту қажет емес, діни жазуды пайдаланып жүргендерді қатаң бақылауға алу қажет деп есептейді.

"Бұл нарық ретке келтірілмеген, дәл бір жұмыс істемейтін бағдаршам тәрізді. Халал-нарықтың барлық мәселесі - өзінің нақты құрылымы болмауында. Бұл тек атауға немесе сертификат берілуге ғана қатысты емес",- дейді Мұратов. Қоғам белсендісі халал-таксист, халал-тіс дәрігері, халал-монша деген қызмет көрсету үлгілерін тіпті дұрыс емес деп есептейді.

 

Похожие материалы