Экономика
Халықаралық IT университетінің 33,35 пайыз акциясы сатылады
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында халықаралық IT университетінің 33,35 пайыз акциясы сатылады. Бұл туралы «Зерде» холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зарина Құрғанбекова мәлім етті деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Оның айтуынша, тәуелсіз бағалаудың аясында университетінің құны 822,7 млн. тенгеге бағаланып отыр. Электронды бәссауда 2015 жылдың қыркүйегінде www.gosreest.kz порталында жасалады. Оған кез келген тұлғаның қатыса алады.
Анықтама: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2009 жылғы сәуір айында құрылған. Университеттің құрылтайшылары «Зерде » ұлтық инфрокоммуникация холдингі» АҚ, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қоры және Халықаралық бизнес Университеті (UIB).