Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Халық банк» кәсіпкерлердің стартап жобаларын қаржыландыруды тоқтатты

«Халық банк» кәсіпкерлердің стартап жобаларын қаржыландыруды тоқтатты

Жезқазған. 20 наурыз. 7kun.kz - Бұл туралы Жезқазғанда өткен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын түсіндіру акциясы кезінде мәлім болды. Кейбір банктер республика бойынша несиелендірілген стартаптардың 80 пайызға жуығынан табыс келмейтінін айтады.

Банк өкілдері табыс келмеуі мүмкін деп таныған жобаларды қаржыландыруға ниетті емес екенін жеткізді. Жиын барысында «Халық банктің» Жезқазған филиалы басшысының орынбасары Қазбек Сыртанбеков «Стартаптардың тәуекелі тым жоғары және несиелерді қайтару төмен болғандықтан, мұндай жобаларды қаржыландыруды тоқтатылды», - деп мәлімдеді.

«Қазком», «ЦентрКредит Банк», «Халық Банк» өкілдеріне кәсіпкерлердің сұрағы да көп болды. Кәсіпкерлердің айтуынша, мәселе тиісті курстарды оқып, кеңестерін алған кәсіпкерлер өз істерін ашуға несие алу үшін банктерге барған кезде басталады екен.

"Керекті құжаттарды айлап, кейде жылдап жинайтын кездер болады. Осыншама шабылыстың арты көп жағдайда несиені растамаумен аяқталады. Әркімнің себебі әртүрлі. Жобаның тиімділігін дәлелдеп шыққаныма қарамастан қолына «тиімсіз бизнес көзі» деген негіздегі банк шешімі тиді", - дейді стоматалогиялық орталық ашқысы келіп, жобаға 20 млн теңге сұраған Алмагүл Амандықова.

Похожие материалы