Экономика
Халық банк пайда көлемін 13 пайызға азайтуды жоспарлап отыр
Республикадағы ірі банктердің бірі Қазақстанның халық банкі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 100 млрд теңге көлемінде таза табыс табуды жоспарлап отыр. 2014 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза табысы 114,4 млрд теңге болған еді. Бұл жөнінде қаржылық институттың ақпаратында айтылған.
Банк материалдарында ағымдағы жылға қарағанда 2014 жылы Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорынан 9,2 млрд теңге көлемінде түсім болған еді. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері Халық банкі басқаратын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) табыс етілген. Жинақтаушы зейнетақы қорынан келетін табыстарды алып тастағаны банктің 2015 жылдың алғашқы тоқсанындағы нәтижелеріне әсер етті.
«2015 жылдың алғашқы тоқсанында банктің таза табысы 27 млрд теңге болды. Өткен жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға төмендеді. Олай болу себебі - өткен жылдың алғашқы тоқсанында біздің зейнеақы қорысыздың табысы болған еді», — деді банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова Алматы қаласында өткен баспасөз конференциясында.