Халық банкі Динара және Тимур Құлыбаевтардың бақылауында тұр. Бақылау банктің 63,73 пайыз акциясына иелік ететін "Алмэкс" холдингтік тобы" арқылы жүзеге асады.
Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Қазақстанның Халық банкі Казкоммерцбанктің қалған акционерлеріне жай және айрықша құқықты акцияларын сатуды ұсынды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Алу шарттарын банк өз сайтында жариялады.
5 шілде күні Халық банк қосымша нарықта Казкомның 772 млн 093 мың 590 жай акциясын иеленген болатын. Бір қарапайым акцияның сатылым бағасы 142,67 теңге болды. Ал айрықша құқықты акцияның бағасы - 71,55 теңге. Яғни, Халық банк әрқайсысы 1 теңгеден Казкомның 96,81 пайыз қарапайым акциясын Кеңес Рақышев (86,09 пайыз) мен "Самрұқ-Қазынадан" (10,72 пайыз) сатып алды. Қалған акция қолданушыларына Казкомның 3,19 пайыз қарапайым ақциясы тиесілі.
Айта кетейік, Халық банкі Казкомды 185 млрд теңгеге капиталдандырады деп жоспарланып отыр.