Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халық банкі Қазком жай акцияларының 99,7 пайызын иеленді

Халық банкі Қазком жай акцияларының 99,7 пайызын иеленді

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz - Халық банкі 2017 жылдың 29 тамызы қорытындысы бойынша Қазкомның жай акцияларының 99,72 пайызын, артықшылықты акцияларының 23,55 пайызын иеленді. Бұл туралы Қазақстанның Қор биржасы мәлімдеді.

«Қазкоммерцбанк» АҚ жай және артықшылықты акцияларын сатып алу және сату бойынша - 13 млн 687,609 мың жай акцияның бір данасы 142,67 теңгеге, ал 31,311 мың артықшылықты акцияның бір данасы 71,55 теңгеге сатылды. Қазкомның негізгі активі болып саналатын жай акциялары 3 млн 81,552 мың жаһандық депозитарлық қолхаты бағасы бір данасына 0,86 доллар, артықшылықты акциясы бір данасына 0,43 теңге болды.

Осылайша мәміленің жалпы мөлшері 14,8 млрд АҚШ долларын (2017 жылдың 9 тамыздағы бағамы бойынша - 332,19/$1) құрады.

Халық банкі мен Қазком 2017 жылдың I жартыжылдығына сәйкес, Қазақстандағы 33 банктің активтері бойынша бірінші және екінші орынды иеленеді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы