"Халықтық ІРО" бағдарламасы тоқтатылады. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Қордың топ-менеджері қазіргі уақытта ІРО-ға кіретін компаниялардың тізімін қарап жатқанын жеткізді. "ІРО-ға кіретін бірнеше компаниялардың тізімін қарап жатырмыз. Бірінші кезекте, олар инфрақұрылымдық компаниялар болатынын айта кетейін. Бұл жай ғана ІРО болады. "Халықтық ІРО" енді болмайды" , - деді ол TECHCONNECT.TECH инновациялық конгресінен кейінгі жиылыста.Оның сөзінше, ІРО-ға кіретін дайын компаниялардың бірі - "Самұрық-Энерго". Алайда ол жекешелендіруге қатысатын 38 ұлттық компанияны атаудан бас тартты. "Шамамен екі апта ішінде нақты тізім бекітіледі. Бұл көп көңіл бөлуді қажет ететін сұрақ. Біз нақты нәтижеге жету үшін бағдарламаны толық қарап шығуымыз керек. Қарапайым түсініктемелер көмектеспейді", - деді Д. Ердебай.
Ол ІРО-ға енетін компаниялар алаңына "Астана" Халықаралық қаржы орталығын енгізуді қарастырып жатқанын жеткізді. "Біріншіден, бұл азаматтардың санына есептелген. Нақты детальдарын айта алмаймын. Бірақ біз азаматтардың белсенді қатысуын қарастырудамыз", - деп түйіндеді ол.
Еске салайық, "Халықтық ІРО" бағдарламасы 2012 жылы құрылған. Алғашқы болып "ҚазТрансОйл" компаниясының акциялары орналастырылды. Бір қағаздың құны 725 теңгені құрады. 2014 жылы бағдарламаға KEGOC компаниясы енгізілді.
Фото: altaynews.kz