Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Halyk Bank клиенттеріне шабуыл жалғасуда

Halyk Bank клиенттеріне шабуыл жалғасуда

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (ҰҚК техникалық қызметінің жобасы) Halyk Bank ресми интернет-банкіне (homebank.kz) имитациялайтын фишингтік сілтемелерді анықтаудың жиілегені туралы хабарлады.

Интернет-ресурстарға жүргізілген егжей-тегжейлі талдау мынадай ресурстарда фишингтік нысандарды анықтады: homeybank.com, homeebank.com, hometbank.com, housebankkz.com, homebankis.com, housebankkz.net.

"Интерфейс homebank.kz-тен көшірілген, онда авторландыру үшін карта ұстаушыларға мыналарды енгізу қажет: сенімді телефон нөмірі / Homebank идентификаторы / my Halyk логині және пароль. Ұялы нөмір арқылы авторизациялау кезінде пайдаланушы "жалған" бетке бағытталғанын байқамай, одан кейін зиянкестердің ойы бойынша ұялы нөмірге келген sms-кодты енгізуі тиіс болды. Интернет-ресурстардың деректерін "KZ-CERT" қызметі "Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс / фишинг" деп белгіледі",-делінген қызметтің хабарламасында.

Бұған дейін "KZ-CERT" қызметі фишингтік homeYbank.com интернет-ресурсын анықтады.

Еске сала кетейік, Halyk Bank клиенттеріне фишингтік шабуылдар туралы апта басында Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы хабарлады. 210 адам қылмыскерлердің тұзағына ілінді.

Похожие материалы