Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ресейдегі еншілес «Москоммерцбанк» КБ-ін 3 млрд рубльге қайта капиталдандырды, деп Халық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, МКБ-ін капиталдандыру еншілес банктің жарияланған жай акцияларының санын номиналды құны 1 мың рубль болатын 3 миллион акцияға көбейту арқылы жүзеге асырылды.
"РФ Орталық Банкінің рұқсатын алу бойынша барлық қажетті процедуралардан өткеннен кейін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) бойынша "Москоммерцбанк" КБ (АҚ) жарғылық капиталы 3 млрд рубльге ұлғайды, сонымен қатар бухгалтерлік есептің ресейлік стандарттары (БЕРС) бойынша капиталды арттыру рәсімі 2019 жылдың желтоқсан айының соңына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр", –делінген хабарламада.
Айта кетейік, "Москоммерцбанк" КБ АҚ – Halyk Bank-тің еншілес компаниясы – 2001 жылы құрылған әмбебап банк. Банк корпоративтік, жеке клиенттер мен қаржы институттарына қызмет көрсетуге маманданған. Бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан. Сонымен қатар, Санкт-Петербургте, Калининградта, Челябинскіде және Новосибирскіде филиалдары бар.