Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Халық банкі 2018 жылға дивидендтерді бір акцияға 10,78 теңге көлемінде бекітуді жоспарлап отыр.
Фининституттың ақпаратына сәйкес, соңғы шешім 2019 жылдың 18 сәуірінде өтетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданады.
«Дивиденттерді төлеудің басталу күні - 2019 жылдың 3 маусымы, дивиденд мөлшері - бір акция үшін 10,78 теңге», - деп хабарлады Халық банкі.
Фининститутта 2017 жылдың қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам акционер 69 161 млн теңгеге сыйақы алған. Ал 2018 жылы – 2,5 млн теңгеге 261 акционер.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Халық банкінің таза табысы 46,7%-ға өсіп, 254,2 млрд теңгені құрады. Фининституттың активтері 8,9 трлн теңгеге жетті.