Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халық банкінде 2018 жылға дивидендтер бекітілді

Халық банкінде 2018 жылға дивидендтер бекітілді

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Халық банкі 2018 жылы бір акцияға 10,78 теңге мөлшерінде дивидендтерді бекітті.

Қаржы институтының ақпаратына сәйкес, акционерлерге төлемдер 2019 жылдың 3 маусымында басталады.

2018 жылы Халық банкінің таза пайдасы 46,7%-ға артып, 254,2 млрд теңгені құрады. Қаржы институтының активтері 8,9 трлн теңгеге жетті.

Қаржы институтының басшысы Үміт Шаяхметова бұған дейін дивидендтерге 2018 жылы 40%-дан 50%-ға дейін таза пайданы бағыттау жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

Похожие материалы