Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халық банктің мажоритарлы акционері акцияларын бөлшектеп сатуы мүмкін

Халық банктің мажоритарлы акционері акцияларын бөлшектеп сатуы мүмкін

Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – Халық банктің мажоритарлы акционері - «Алмэкс» акциясының белгілі бір бөлігін құнды қағаздар нарығында сатуды жоспарлайды. 

Акциялар сатылғанымен «Алмэкс» бақылау пакетін сақтап қалады. Қазір Халық банктің 25 млрд акциясы бар. Оның ішінде орналастырылғаны - – 13 млрд 447 млн 544,782 мың және айналымдағысы  11 млрд 754 млн 49,397 мың акция.  Артықшылығы бар акциялары жоқ. 

Халық банкін ҚР Тұңғыш Президентінің қызы мен күеу баласы Динара мен Тимур Құлыбаевтар «Алмэкс» Холдингтік тобы» арқылы  (63,73%) бақылайды. Банк акциясы Қазақстанның Қор биржасында және GDR -Лондон қор биржасында сатылады. 

ҚР Ұлттық банкінің  қаңтар-наурыздағы есебіне сәйкес Халық банкі активтер көлемі жағынан 28 банктің арасында 1 орында.

Похожие материалы