Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халықаралық бақылаушы: Сайлауда ешқандай тәртіп бұзушылықты байқамадым

Халықаралық бақылаушы: Сайлауда ешқандай тәртіп бұзушылықты байқамадым

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz — Румыниядан келген халықаралық байқылаушы Рареш Трифф қазіргі уақытта дауыс беру барысында ешқандай тәртіп бұзушылықтарды байқамағанын айтты.

Рареш Трифф Румыниядағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі Президенттің кеңесшісі болып жұмыс істейді.

Бақылаушының бірінші барған сайлау учаскесі - Ұлттық кітапханада орналасқан №254 учаскі болды.

Рареш Трифф ешқандай тәртіп бұзушылықтар болмағанын, бұдан әрі де солай жалғасатынына сенетінін атап өтті.

"Мен жастардың, балаларымен келген отбасылардың дауыс беруге қатысқынын көрдім. Олар бақытты және бұл жақсы", - деді Рареш Трифф.

Похожие материалы