
2015 жылдың 4-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 72 676 теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
2015 жылдың 4-тоқсанында тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 11,9%-ға өсімі кезінде 2014 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 9,7%-ға өсті. Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары 2014 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 2,0%-ға кеміді. Осы кезеңде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Астана қаласында, Атырау облысында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1-1,9 есеге асқандығы байқалды. Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 40-48% төмен. 2015 жылдың 4-тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 4,1 есені құрады (2014 жылғы 4-тоқсанда – 3,5 есе).