Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Харвидан алған сабақтар

Харвидан алған сабақтар

НЬЮ-ЙОРК – Харви дауылы салдарынан 150-180 миллиард доллар шамасында бағаланған зор мүлікке зиян келтірілді. Бірақ Техас жағалауын бір аптадай басып алған дауыл Америка Құрама Штаттарының экономикалық жүйесі мен саясаты туралы терең мәселелерді де қозғады.

Әрине, ең қызығы, ол климат өзгерістерін мойындамай отырған адамдар тұратын штатта дауылдың орын алуы болып тұр, сонымен қатар бұл елдің экономикасы ғаламдық жылынуды тудыртатын қазба отындарына тәуелді екені де бар. Әрине, нақты бір климаттық оқиға атмосферада жылыжай әсерін беретін газдардың көбеюімен тікелей байланысты емес. Бірақ ғалымдар мұндай өсулер тек қалыпты температураны ғана арттырып қоймай, сондай-ақ ауа-райының ауытқуы және Харви дауылы сияқты төтенше оқиғаларға себепші болатынын болжаған. Климаттың өзгеруі туралы үкіметаралық комиссия бірнеше жыл бұрын қорытындылап өткендей: «көптеген экстремалдық мәндердің антропогендік әсерден өзгергені дәлелденген, әсіресе атмосферадағы жылыжай газдарының мөлшерінің артуынан». Астрофизик Адам Франк қысқаша түсіндіріп өтті: «жылудың артуы көбірек ылғалдылықты білдіреді, яғни атмосферада күштірек жауын-шашын болады деген сөз».

Әрине, Хьюстон және Техас жылыжай газдарының жалғыз өздері ғана арттырған жоқ, дегенмен, олар климаттық саясатты күшейтуге белсенді түрде қатыса алар еді. Бірақ, жергілікті және мемлекеттік билік органдары осы аймақта жиі орын алған, мұндай оқиғаларға дайындықты әлдеқайда жақсарта алар еді.

Дауылдан соң және әсіресе жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшін, 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін тәрізді, барлық адамдар үкіметке бет бұрады. Тағы да, қызығы, бұл үкімет пен ұжымдық әрекеттер жиі сөгіс алатын елдің бөлігінде екендігі. Американдық банк титандары штатты қысқартатын неолиберальді көзқарасты қолдай отырып, және олардың ең қауіпті, анти-қоғамдық әрекеттерін сотқа тартқан нормаларды жоюмен айналысқанын ұмытып, қиналған кезінде үкіметке қол созды.

Мұндай эпизодтардан сабақ алуға болатын айқын жәйттер бар: нарықтар жалғыз өздері қоғамға қажетті қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Нарықтар жиі орын алатындай, сәтсіздікке ұшырағанда, ұжымдық іс-әрекет міндетті болып табылады.

Және қаржы дағдарыстарымен қатар, климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету үшін профилактикалық ұжымдық әрекеттер қажет. Бұл дегеніміз, ғимараттар мен инфрақұрылымдар төтенше оқиғаларға төтеп беру алатындай етіп салынып, елеулі залалға ең осал аймақтарда орналаспауы керек дегенді білдіреді. Бұл сондай-ақ дауылдардың салдарын азайтуда маңызды рөл атқара алатын экологиялық жүйелерді, әсіресе сулы-батпақты жерлерді сақтап калуды да білдіреді. Бұл Хьюстонда орын алғандай, табиғи апат қауіпті химиялық заттардың ағылуына әкелу тәуекелін жоюды да қамтиды. Сонымен қатар, эвакуацияны қоса алғанда, тиісті төтенше жағдай шаралар жоспары болуы керек.

Техастағы және басқа жерлерде басым саяси мәдениетке қарамастан осы нәтижелердің әрқайсысын қамтамасыз ету үшін тиімді мемлекеттік инвестициялар мен қатаң заңдар қажет. Тиісті ережелер болмаса, жеке адамдар мен фирмаларда сақтық шараларын қабылдауға ешқандай ынталандыру болмайды, өйткені олар төтенше оқиғалардың құнын басқаларға жүктейтінін біледі. Жеткілікті мемлекеттік жоспарлаусыз және қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, бақылаусыз, су тасқыны асқындай түседі. Табиғи апаттарды жоспарлаусыз және тиісті қаржыландырусыз кез-келген қала Хьюстонның дилеммасына тап болуы мүмкін: егер ол эвакуацияға тапсырыс бермесе, көп адам апат болады; бірақ егер ол эвакуацияны жасайтын болса, онда одан кейінгі хаоста көп адам каза болып, ал транспорт тоқырауы адамдарды шығаруына кедергі болады.

Америка мен әлем Дональд Трамп және оның Республикалық партиясы қабылдаған төтенше үкіметке қарсы идеологиясы үшін жоғары баға төлеп жатыр. Әлем төлеп жатыр, себебі АҚШ-тың жалпы жылыжай газ шығарындылары кез-келген басқа елге қарағанда көбірек. Қазірдің өзінде, АҚШ-та жан басына шаққандағы жылыжай газдар шығарындыларының мөлшері бойынша әлем бойынша бірінші кезекте келе жатыр. Бірақ Америка да жоғары құн төлеп жатыр: басқа елдер, тіпті Гаити мен Эквадор секілді кедей дамушы елдер де табиғи апаттарды басқаруды үйренді (үлкен шығындар мен дүлей зілзалалардан кейін болса да).

Нью-Орлеанды қиратқан 2005 жылғы «Катрин дауылы», 2012 жылы Нью-Йорк қаласының көп бөлігінде жұмысты тоқтатып тастаған Сэндиден кейін Техастағы Харвидің залалы және қазір Флоридаға қауіп төндіріп тұрған Ирманы ескере отырып, АҚШ керекті шараларды жасай алады және жасауға міндетті. АҚШ-та осы күрделі оқиғалар және олардың салдарларын талдауға қажетті ресурстары мен дағдылары бар, сондай-ақ олардың өмірге мен мүлікке қолайсыз әсерін азайтатын нормативтік-құқықтық және инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыруға және іске асыруға мүмкіндіктері де жеткілікті.

Америкада өздерінің қысылтаяң саясатынан пайда көретін оң жақтағылардың үкімет туралы бірдей көзқарасы жоқ, және олар әлі екі сөйлеуін тоқтатпаған. Дағдарысқа дейін олар мемлекеттің инвестициялары мен жоспарларына қарсылық көрсетіп, реттеу мен бақылауға дақарсы келді; ал содан кейін олар оңай алдын алуға болатын, өздерінің шығындарын өтеу үшін миллиардтаған долларды талап етіп, алып та жатыр.

Америка Құрама Штаттары мен басқа да елдер Харви сабақтарын шынайы ұғыну үшін табиғаттан тағы да дәлелдерді қажет етпейді деп үміттенейік.

Автор туралы: Джозеф Стиглиц - экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Рузвельт институтында бас экономист, ал Колумбия университетінде профессор болып жұмыс жасайды. Оның ең соңғы кітабы - Еуро: ортақ валюта Еуропаның болашағына қандай қауіп төндіріп тұр.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org

Похожие материалы