Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХБ: Қазақстан ұлттық валюта курсын қорғау үшін 17 миллиард доллар жұмсады

ХБ: Қазақстан ұлттық валюта курсын қорғау үшін 17 миллиард доллар жұмсады

Қазақстан ұлттық валютасының курсын қорғау үшін 2014 жылдың мамыры мен 2015 жылдың наурызы аралығында 17 млрд. доллар жұмсады. Бұл туралы Халықаралық Банктің "Қазақстан: мұнай бағасының төмендеуі - реформа өткізу мүмкіндігі" атты баяндамасында жазылған деп хабарлайды ҚазТаг.

"Валютаның әлсізденуіне байланысты қысымға қарсы ақша-несие саясатына түзету енгізілуі мүмкін", - деп жазылған ХБ баяндамасында. Банк мамандарының атап өтуінше, осы арқылы қазақстандық билік қысқа мерзімді ақша-несие және валюта саясатының мақсаты қаржылай және ақшалай тұрақтылықты сақтау екендігін және валюта курсына қандай да бір өзгеріс енгізуді жоспарламайтындықтарын түсіндіріп тұр. "Ортамерзімді перспективада олар валюта курсы үшін ыңғайлы режимге өтпекші. Осы арқылы ақша-несие саясатын басқаруда көмекке келетін пайыздық бәс бойынша жаңа құралды іске қосатын жоспарларын аңғартып тұр. Алайда қысқамерзімді перспективада теңгеге қысым жалғаса түседі және реттеуді қажет етеді. 2014 жылдың мамыры мен 2015 жылдың наурызы аралығында теңге курсын қорғау 17 млрд. долларды қажет етіп үлгерді", - деп атап өтілген хабарламада. Қазіргі дисбаланс пен валюта бағамының тиімділігінің жоғарылағандығын және алдағы 2-3 жылда мұнай бағасының қалпына кемейтіндігін ескергенде валюта курсын реттеу қажет болады. Оның мерзімін, көлемін және экономикаға әсерін тереңірек анықтап алу қажет дейді ХБ мамандары. 2014 жылдың екінші жартысында мұнай бағасының төмендеуі сыртқы балансқа одан валюта курсына әсер етті. Осының салдарынан ҚР-ның Ұлттық Банкі теңге курсын қолдап отыру үшін шығындануына тура келді. Мұнай бағасының төмендеуі мен сыртқы сұраныстың азаюы сауда балансының профицитіне және ағымдағы операциялар есебінің тапшылығына әкеліп соқтырды. Бағалау бойынша, ағымдағы операциялар 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 6,9 млрд. доллар профициттен кейін жылдың екінші жартысында 2,2 млрд доллар көлеміндегі дефицитке өткен. "Дегенмен де, Ұлттық Банк валюта бағамын қадағалауын сақтап қалды. Теңгенің долларға қатысты номиналды курсы 2014 жылдың ақпанындағы құнсызданудан кейін өзгеріссіз қалып отыр. Алайда 2014 жылдың шілдесі мен 2015 жылдың ақпаны аралығында валюта бағамының нақты көлемі сыртқы құрылымды дисбалансқа байланысты 26,7%-ға жоғарылады", -деп жазылған баяндамада. "Девальвациялық болжам шетелдік валютаға деген үлкен сұраныстан және доллар депозитінің өсімінен (2014 жылдың маусымындағы 44,6%-дан кейін желтоқсанда 55%-ға дейін көбейген) байқалды. Валюта бағамының тіркелген көрсеткішін сақтап қалу үшін ҚР ҰБ 2014 жылдың жартысында валюта қорынан 14 млрд доллар жұмсады", - делінген хабарламада. Бірақ ақша-несие саясатын кідіртіп отыруы және нақты мақсаттағы интервенциялар несие беру қарқынының өсіміне ғана емес оның құрылымына да әсер етті. "Несиелендіру өсімі 2014 жылы 2,3%-ға дейін баяулап, осыдан кейін тоқтап қалды. Ұжымдық секторды несиелендіру өткен жылмен салыстырғанда бар болғаны 5,5%-ға ұлғайып, 2015 жылдың басында даму көрсетпеген. Тұтынушы несие өсімі 50 пайыздан 2014 жылдың соңында 17  пайызға дейін төмендеді. Ал шағын және орта бизнесті субсидиялау 2014 жылдың қаңтарындағы -9%-дан желтоқсанда 33%-ға дейін көбейді", - деп атап өтеді банк мамандары. Ақпандағы девальвациядан кейін негізгі азық-түлік тауарларының бағасына қадағалау жасалынғанымен қоғамдық транспорт пен коммуналды қызмет бағасы тұрақты түрде өскен. "Тұтынушы бағасының инфляциясы (ТБИ) ең төменгі 4,5% деген көрсеткіштен 2014 жылдың желтоқсанында 7,4% деген мөлшерге дейін тұрақты түрде жоғарылады. Шетелдік тауарлар бағасы 10%-ға көбейді.  2014 жылдың тамызында бензин тапшылығына байланысты жанармай бағасы  да көтерілді. Оның салдары басқа өнімдер мен қызмет түрлерінің көтерілуіне әкеліп соқтырды. Өндірушілердің бағасы 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы 1%-дан шілде-маусым айларында 20%-ға ұлғайып, қыркүйекте 9,7%-ға қайта төмендеді", - деп мәлімдеді ХБ. ТБИ тәрізді импорттық ресурс бағасының жоғарылауы да Қазақстанда өндірілетін азық-түлік бағасының қымбаттауына әсер етті. Алайда мұнай бағасы мен отынның арзандауы тұтынушылар (6,1%-ға дейін) және өндірушілер үшін (-21,4%) баға инфляциясының төмендеуіне ықпал етті деп жазылған ХБ-ның құжатында.  

Похожие материалы