Экономика
«Химиялық қару қолданатындарға» қарсы ЕО жаңа санкция режимін әзірлейді
Алматы. 15 қазан. 7kun.kz - Ұлыбритания мен Францияның ұсынысы бойынша, химиялық қаруды қолданды деген күдікке ілінген адамдар мен елдерге қарсы санцияның жаңа режимі енгізіледі. Бұл ұсыныс дүйсенбі күні Люксембургте өтетін ЕО Сыртқы істер жөніндегі кеңестің отырысында ресми түрде мақұлданатын болады. Бұл ақпаратты Ұлыбританияның СІМ баспасөзі хабарлады.
Ұсыныс британиялық Солсбериде қатты улану және Сирияда химиялық қаруды қолдану себебінен пайда болды.
Ұлыбритания мен Францияны ЕО-ның көптеген елдері қолдайды. Люксембург отырысының қарсаңында Британияға Польша, Чехия, Венгрия, Словакия, Словения, Болгария, Хорватия және Румыния Сыртқы істер министрлері келді.
Лондон, Париж және басқа да астаналар химиялық қаруды қолдануға қатысы бар адамдардың Еуропаға кіруіне тыйым салып, олардың авуарларын тоқтатуды ұсынды.
«Көптеген жылдар бойы химиялық қаруды қолдануға тиым болды, бірақ Сирияда және Солсбериде болған оқиғадан соң, оның бұзылып жатқаны анықталды.Химиялық қаруды қолданатындардың жазасы ауыр болатындығы түсінікті болу үшін, біз қызыл шекараны қайта сызуымыз керек», - деп мәлімдеді Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джереми Хант.
Сондай-ақ, Джереми Хант киберқылмыс үшін санкцияларды қатаңдату идеясын алға жылжытты, өйткені Батыс елдері ресейлік барлау агенттерін, әсіресе ГРУ-ды, жүйелі түрде хакерлік бұзулар мен шабуылдарды жасайды деп жиі айыптайды.