Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

HiPO.kz мақалалары енді қазақ тілінде шығады

HiPO.kz мақалалары енді қазақ тілінде шығады

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz - Қазақстандағы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған ең үздік сервистің бірі HiPO.kz және 7kun.kz іскер жаңалықтар сайты серіктес болды.

Айта кетейік, HiPO.kz жұмыс берушілерге маман іздеуге немесе мамандар тіркеліп қажетті жұмыс табуына мүмкіндік береді. Ресурста Қазақстан мен ТМД 1500-ге жуық вакансия ұсынылған. Сондай-ақ, резюме жазу, компанияларға қандай қызметкерлер керек, жұмыс орнын қалай таңдауға болады, жұмыс іздеген адам ең алдымен нені білу қажет секілді әр түрлі тақырыптағы лайфхак-материалдар мен ірі бизнес құрылымдардың басшыларының сұхбаттары бар.

Енді HiPO.kz-тегі осы мақалалар мен топ менеджерлердің сұхбаттары 7kun.kz-ке қазақ тілінде жарияланады. 7kun.kz сайты қазақ тілді аудиторияға қызықты HiPO.kz-тегі материалдарды бүгіннен бастап бөлісіп отырады. Екі жақты серіктестіктің мақсаты - қазақ тілінде пайдалы контент ұсыну.

Похожие материалы